Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгін, 7 қыркүйекте белгілі жазушы, ақын, публицист әрі журналист 80 жасқа толды. Валерий Михайлов саналы ғұмырының бірнеше онжылдығын Қазақстан әдебиеті мен журналистикасына арнап, осы салалардың дамуына елеулі еңбек сіңірді. Ол «Вечерняя Алма-Ата», «Ленинская […]
Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарды
Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында медальдар саны бойынша бірінші орын алды. Ел спортшылары жарыстың соңғы күнінде 6 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтті. Жарыс бағдарламасы 1 қыркүйекте басталды. Биылғы додаға 113 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысып, 43 спорт […]
Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалып, бұған дейін атқарған қызметінен босатылды. Арман Оразбайұлы Қырықбаев 1976 жылғы 20 қазанда Астана қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында білім алған. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде бастаған. […]
3 қыркүйек – Қазақы тазы күні
Қазақы тазы күні құтты болсын! Қазақтың жеті қазынасының бірі саналатын тазы – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен ұлттық болмысының айрықша нышаны. Жүйріктігімен, алғырлығымен дараланған қазақы тазы – халқымыздың табиғатпен етене тіршілігінің, саятшылық өнері мен ұлттық мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бұл атаулы күн төл мәдениетіміз бен ұлттық мұрамызды дәріптеп, қазақы тазыны сақтау, қорғау және кейінгі ұрпаққа […]
Білім күні құтты болсын!
Құрметті ұстаздар, білім алушылар, ата-аналар және білім саласының ардагерлері! Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім күні – жаңа оқу жылының бастауы ғана емес, білімге ұмтылыс пен ізденістің, жаңа мақсаттар мен жарқын жетістіктердің бастауы. Бұл күн ұстаз еңбегіне құрмет көрсетіп, шәкірт арманына қанат бітіретін ерекше мереке. Қадірлі ұстаздар! Сіздердің жас ұрпаққа сапалы […]
Мемлекет басшысы Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылуын тамашалады. Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді. Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысының Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды: «Парасат» орденімен Өтелбаев Мұхтарбай – «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы «Құрмет» орденімен Урнгалиева Зуря Айтқұлқызы – «№ 3 «Зерде» бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі, Орал қаласы Шерстобитова Марина Георгиевна – «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл […]
Президент зияткер жастардың ұстаздарын мемлекеттік наградалармен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21 лауреат, сондай-ақ олардың ұстаздары мен тәлімгерлері шақырылды. Физика, химия, биология, математика, информатика, география және лингвистика пәндерінен беделді білім сайысында топ жарған жеңімпаздардың алтауы – алтын медаль, он бірі – күміс, төртеуі – қола медаль иегерлері. […]
Геральдикалық зерттеулер орталығы зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы Сұлтан Оразаев: «Шаңырақтың мәнін түсіну – ортақ үйіңнің қадірін білу»
Мемлекеттік рәміздер – елдің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін айқындайтын басты белгілердің бірі. Алайда Тудағы күн мен қыранның, Елтаңбадағы шаңырақ пен қанатты тұлпарлардың мәнін көпшілік күнделікті өмірде терең талдай бермейді. Ал геральдика тұрғысынан қарағанда, олардың әрқайсысының өзіндік символдық жүгі бар. Бір қарағанда бөлек көрінетін бұл бейнелердің барлығы қандай идеяға тоғысады? Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріндегі осы белгілердің мәнін Геральдикалық […]
Түркістаннан 1500 жылдық тарихы бар жұмбақ қала табылды
Түркістан облысы аумағындағы археологиялық зерттеулер тағы бір сенсациялық жаңалықпен толықты. Отандық ғалымдар мен зерттеушілер өңірдегі тасжолға жақын маңнан шамамен 1500 жылдық тарихы бар көне қала жұртын тапты. Ежелгі өркениеттің іздері сайын даладағы қарапайым жолдың шетінде жатқан. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жаңалық Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениеті мен көшпелілер мен отырықшылардың өзара байланысын жаңа қырынан тануға […]
