Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин топ жарды. Ол аралас жекпе-жектен (ММА) ел қоржынына кезекті алтын медальді салды. Дәстүрлі стиль бойынша 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалдық белдесуде Бахрейн өкілі Мухаммед Набиевпен кездесті. Тартысты өткен тартыста қарсыласынан басым түскен Еркінғали 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, Азия […]
Рубрика: Uncategorized
«Azattyq Rýhy» ақпарат агенттігіне заңнамадағы өзгерістерге қатысты сұхбат жарияланды
Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігі мен тұтастығының басты нышандары. Жақында оларды пайдалану тәртібіне қатысты заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Осыдан кейін қоғамда «Енді Туды балконға ілуге болады екен», «көлікке қоюға рұқсат беріліпті» деген пікірлер жиі айтыла бастады. Кейбірі мұны жаңа мүмкіндік деп қабылдаса, енді бірі талаптар бұрынғыдан қатаңдап кеткенін алға тартады. Шын мәнінде қандай өзгерістер енгізілді? […]
«Болашақ ойындары – 2026» ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік Әнұраны шырқалды
Президент Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйледі. «Барыс Арена» стадионында ұйымдастырылған іс-шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар құрметті қонақ ретінде қатысты. Жиында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің басшыларына, құрметті қонақтар мен халықаралық турнирге қатысу […]
Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азулені Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азуленің ЮНЕСКО Бас директоры ретінде атқарған қызметіне жоғары баға берді. – Сіздің парасатты әрі мықты басшылығыңызбен ЮНЕСКО диалог пен ынтымақтастық алаңы ретіндегі рөлін арттыра түсті. Жаһанда бағдарсыздық пен қақтығыстар белең алған кезде Сіз білім мен мәдениет бейбітшілікті нығайтатын маңызды құрал екенін ұдайы дәлелдеп келесіз. Еліміздің бай тарихи және мәдени мұраларына назар […]
26 сәуір – Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Шот-Аман Уәлихановтың туған күні
«Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекеттік Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов – қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи санасын айшықтаған тұлға. Ол тәуелсіз еліміздің басты нышандарының бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Елтаңбадағы әрбір бейне – халқымыздың өткені мен бүгіні, болашаққа деген сенімінің көрінісі. Бұл – Шот-Аман Уәлихановтың көрегенділігі мен талантының айғағы. Шот-Аман Уәлихановты әрдайым құрметпен […]
Биыл бірқатар тарихи маңызы бар орындарда қазба жұмыстары жүргізіледі
Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылға арналған археологиялық жұмыстардың ресми жоспарын бекіткен еді. 9-10 сәуір күндері Алматы қаласында ЮНЕСКО аясындағы 2025–2026 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес материалдық емес мәдени мұраны сақтау және дамыту мәселелеріне арналған ұлттық дөңгелек үстел өтті. Аталған маңызды жиын Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалығымен ұйымдастырылып, оған […]
14 наурыз – Көрісу күні
Көрісу күні құтты болсын! Баршаңызды қазақ халқының ежелгі дәстүрі – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандасып, өткен өкпе-реніштерін ұмытып, ақ тілектерін арнайды. Көрісу – татулықтың, сыйластықтың және адамгершіліктің белгісі. Осы айтулы күні әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке тілейміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, бірлігіміз нығая берсін! Көрісу күні құтты […]
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
Аяулы аналар, ардақты арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – өмірдің шуағы, отбасының берекесі, қоғамның көркісіздер. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз мейірім мен бақытқа толы болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Көктемнің әр күні сіздерге қуаныш, шаттық және жаңа мүмкіндіктер сыйласын!
Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады. Рустам Әли 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған. 2006-2011 жылдары — «Деловая неделя» газетінде […]
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік Туды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады. – Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Жаһандық бәсеке сіздер үшін зор мүмкіндік әрі үлкен сынақ […]
