Новости
Posted in

1991 жылы 26 желтоқсанда АҚШ президенті Буш Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындау туралы хат жолдады

Posted in

Осыдан тура 33 жыл бұрын, 1991 жылғы 26 желтоқсанда АҚШ президенті Джордж Буш Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның тәуелсіздігін мойындау туралы хат жолдап, оны АҚШ-қа келуге шақырды. Америка Құрама Штаттары мемлекетіміздің егемендігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды. 1991 жылы 26 желтоқсанда АҚШ президенті Буш Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындау туралы хат жолдады. 33 жыл бұрын 1991 жылғы 26 желтоқсанда АҚШ президенті Джордж Буш Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасын тәуелсіздігін мойындау туралы ресми хат жолдады

Бұл хатта Ақ үйдің басшысы Назарбаевты АҚШ қа келуге шақырды.

Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының егемендігін мойындаған алғашқы елдердің бірі және Алматыда АҚШ елшілігін ашқан алғашқы ел болды.

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылы мамырда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді. Джордж Бушпен сапар мен кездесу барысында сауда қатынастары туралы келісімдерге, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау жайлы Келісім шартына және екі елдің үкіметтері арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.


1994 жылы ақпанда Назарбаев Вашингтонда Американың жаңа президенті Билл Клинтонмен кездесті.

2006 жылы Нұрсұлтан Назарбаев кіші Джордж Бушпен кездесті.

2015 жылдың қыркүйегінде Назарбаевтың АҚШ президенті болған Барак Обамамен кездесуі өтті.

2018 жылдың қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трамппен кездесу үшін Вашингтонға келді. Бұл американдық көшбасшының алғашқы президенттік мерзімі болды.

Оставить отзыв