Новости
Posted in

2-ақпан – Ұлттық басылым күні!

Posted in

2023 жылы Үкімет қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Тарихқа үңілсек дәл осы күні «Қазақ» газетінің алғашқы саны оқырмандарға жол тартқан болатын. 111 жыл бұрын 2 ақпан күні алғаш рет жарыққа шыққан баслылымның бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрды. «Қазақ» газетінде Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Халел Досмұхамедов және тағы басқа танымал қоғам қайраткерлері өз мақалаларын жариялады. Ұлт зиялылары іргесін қалаған басылымның алғаш шыққан күні «Ұлттық басылым күні» болып белгіленуінің маңызы зор.

Тілшіліктің тіршілігімен, жаңалықтың жаршысы болып жүрген барлық әріптестерімізді «Ұлттық басылым күні» мерекесімен Геральдикалық зерттеулер орталығы атынан құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
@akorda_news
@madeniet__aqparat__ministrligi
@aida_balayeva
@baiazhuma
@dana__malikovna
@kalkamansarin_
@ainura_zharakhmet
@nuraimadalbek
@egemenkz

Оставить отзыв