ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Геральдикалық зерттеулер орталығы 4-5 желтоқсан аралығында «Мемлекеттік рәміздер және геральдика мәселелері» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырады.
Іс-шараның басты мақсат-міндеті – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру. Танымдық семинар барысында спикерлер мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне кеңінен тоқталып, олардың символдық мән-мағынасы және тарихы туралы сөз қозғайтын болады.
Осы іс-шараға ғылыми қауымдастық және өңірлердегі атқарушы құрылым өкілдері қатысады.
Республикалық семинарда мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері, патриотизм және мемлекеттік рәміздерді насихаттау, өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары, халықаралық тәжірибедегі өңірлік геральдика, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді пайдалану және орналастыру тәртібі туралы баяндамалар оқылатын болады.
