Новости
Posted in

“Геральдикалық зерттеулер орталығы” РММ-нің директоры болып Қалқаман Айымғазыұлы Сарин тағайындалды

Posted in

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Алидің бұйрығымен “Геральдикалық зерттеулер орталығы”РММ-нің директоры болып Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР Үкіметінің «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Қалқаман Айымғазыұлы Сарин тағайындалды.

Қалқаман Айымғазыұлы Сарин – 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Абай облысы Абай ауданының Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген.
Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған.
2012-2014 жж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, тарих ғылымдарының магистрі.
2017-2020 жж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, тарих факультетінің докторантурасын тәмәмдаған.
Ал кейінгі жылдары «Шалқар» ұлттық радиосының директоры (2018-2019 ж.ж.) қызметін атқарса, сонан соң Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы болды (2019-2023 ж.ж.).

Құрметті Қалқаман Айымғазыұлы жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз!

Оставить отзыв