Құрметті ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР естеріңізге сала кетсек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару Комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» мемлекеттік мекемесі құрылды.
Бізге мынадай міндеттер жүктелген:
– қазақ геральдикасының арғы-бергі тарихын зерттеу, зерделеу;
– жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын қалыптастыру және ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың геральдикалық сипаттамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
– мемлекеттік рәміздерді насихаттау;
– мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді қолданудың халықаралық тәжірибесін зерттеу;
– мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға бастамашы болып әзірлеу.
Ашылғанына санаулы жылдар болсада Орталықтың тындырымды тірліктері жетерлік. Халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгілердің өткені мен бүгінін зерттеп, зерделеп, болашаққа аманаттау Орталықтың басты мақсаты. Тәуелсіздігіміздің абыройы аспандап, мәртебесі асқақтай бергей!
Қастерлеу – борыш, насихаттау – міндет🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@madeniet__aqparat__ministrligi
@aida_balayeva
@dana__malikovna
@baiazhuma
@kalkamansarin_
@ainura_zharakhmet
@irzhanovaaigul
@ishki_sayasat_mangystau
Новости
Posted in
Құрметті ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР естеріңізге сала кетсек

Posted in