Талдау және мониторинг бөлімі
ТАЛДАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ бөлімі
Талдау және мониторинг бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және
кітап ісі комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің құрылымдық
бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің міндеті, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасының және осы заңнан туындайтын өзге де
нормативтік құқықтық актілердің сақталуына мониторинг жүргізуді ұйымдастырады,
мемлекеттік, ведомстволық және оған теңестірілген өзге де наградаларға қатысты
заңнамалық актілерге талдау жасап, оларды жетілдіру, оңтайландыру бойынша
ұсыным әзірлейді, веб-сайттарында Мемлекеттік рәміздердің орналасуы
міндеттелген ұйымдардың интернет ресурстарына мониторинг жүргізу, өңірлік
нышандардың жобасын бекіту қағидаларын түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету
жұмыстарын жүргізеді және өз қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының
заңнамаларына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Мырзаханов Әділхайыр Ерзатұлы
Бөлім басшысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамасы
ТАЛДАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
