Новости
Posted in

Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,3%-ға артты: 2024 жылғы 11 айдың қорытындысы

Posted in

2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге).

🔷Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер:

🔺Маңғыстау облысы – 124,5%-ға өсті;
🔺Астана қаласы – 102,5%-ға өсті;
🔺Батыс Қазақстан облысы – 102%-ға өсті;
🔺Атырау облысы – 96%-ға өсті;
🔺Түркістан облысы – 55%-ға өсті;
🔺 Қызылорда облысы – 49% өсті.

Бұл деректер инвесторлардың Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды дамытуға қызығушылығы артып жатқанын және саланың капитал тартуда үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.

Оставить отзыв