«Құрметтi энергетик» төсбелгiсi

«Құрметтi энергетик» төсбелгiсiмен электр энергетикасы саласында кемінде 10 жыл мiнсiз жұмыс iстеген және халықты, мемлекеттiк және өнеркәсiптiк объектiлердi электр және жылу энергиясымен сенiмдi қамтамасыз ету, өндiрiстi және еңбек жағдайын ұйымдастыру, техника мен технологияларды енгiзу, ғылыми-зерттеу қызметiн дамыту, өндiрiстiк қуаттар мен әлеуметтiк-тұрмыс объектiлерiн мерзiмiнен бұрын пайдалануға беру бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткiзген, сондай-ақ электр энергетикасы саласын дамытуда айрықша еңбек сіңірген және жеке үлес қосқаны үшiн қызметкерлер марапатталады.

«Құрметтi энергетик» төсбелгiсi диаметрі 25 мм шеңбер нысанында мельхиордан дайындалады.

Төсбелгінің беткі жағында шеңбер көк эмальмен боялған. Ортасында электр энергия желілері және электр станциясының бедерлі бейнесі орналасқан.

Көк эмальда шеңбердiң бойымен шығыңқы жылтырақ әрiптермен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», «ҚҰРМЕТТІ ЭНЕРГЕТИК» деген жазулар орындалған, бұдан әрi шеңбердiң шеттерін бойлай бедерлі шығыңқы лавр бұтақтары бейнеленген.

Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.