«Әділет органдарының үздігі» төсбелгісі

Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар, лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен әділет органдары ж

үйесінде 5 және одан да көп жыл сіңірген еңбегі бар әділет органдарының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.

«Әділет органдарының үздігі» төсбелгісі диаметрі 26 мм дұрыс шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 35 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.

Төсбелгінің беткі жағында шеңбердің жиегінде көк түсті реңде «ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген бедерлі жазу және ұлттық ою-өрнек орналасқан. Шеңбердің ішінде жоғарыда шұғылалы күннің жартысының бейнесі орналасқан. Күннің жартысының астында бидай масақтары және ақ түсті ашылған кітап орналасқан. Реңі ашық.

Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі түсті металдар қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілер гальваникалық тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптердің элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері көрнекі қабылдаудың сапалы болуы үшін жеткілікті көлемде орындалуға тиіс.

Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.