«Менің туым – менің Отаным» патриоттық акциясы аясында Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназиясында ақпараттық-танымдық семинар өтті.
⚜️Іс-шара барысында мекеме басшысы Шерхан Талапұлы Орталықтың негізгі қызметі мен мақсатын таныстырып өтті. Ал геральдикалық зерттеулер бөлімінің бас маманы Асылжан Бижанов мемлекеттік рәміздердің тарихы және олардың авторлары жайында баяндады.
⚜️Іс-шара соңында квиз интелектуалдық ойыны ойнатылып, белсенділік танытқан оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды.