Новости

ҚР МАМ “Геральдикалық зерттеулер орталығының” мамандары іс-сапар барысында Семей қаласының № 1 емханасында болды

Емханада өткен кездесуде ғимараттағы стендтердің орналасуын Орталық мамандары тексеріп шықты.
Емхана қызметкерлеріне мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен рәміздерге қойылатын мемлекеттік стандарт мәселелері заң тұрғысынан түсіндірілді.

Емхана басшылығы Орталықтың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.