Новости
Posted in

Ереванда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

Posted in

Ереван қаласында 18-19 сәуір күндері Қазақстанның мәдени күндері өтеді. Екі ел арасындағы бұл шараны өткізу бірыңғай мәдени-ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуға, екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Аталған іс-шара екі ел арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға серпін береді. Сондай-ақ, жоспар бойынша Р.Әбдіраштың “Қазақ хандығы. Алтын тақ” , Ф.Шәріповтың “Тоқта.Түн” , Д. Ибрагимовтың «Бүркіт» фильмі көрсетіледі.​

Онда отандық өнерпаздардың қатысуымен Гала концерт өтеді. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Арменияның білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, жергілікті зиялы қауымдар, ғалымдар, жазушылар, дипломатиялық корпустың, шығармашылық одақтардың, қазақ диаспорасының өкілдері қатысады.
​​

Оставить отзыв