Новости
Posted in

Астанада Шоқан Уәлихановтың наградалары қойылған көрме өтті

Posted in

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде  «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты ағартушының ордендері мен наградалары қойылған көрме өтті.

Іс-шара қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған. Онда тарихи тұлғаның ордендері, құнды жәдігерлері мен пайдаланған заттары қойылды.

Айта кетейік, көрмені ҚР Ұлттық музейі Ш.Уәлиханов атындағы Алтынемел мемориалдық мұражайымен бірлесе ұйымдастырды. Шараға “Геральдикалық зерттеулер орталығының” мамандары да қатысты.

Оставить отзыв