Новости

Геральдикалық зерттеулер орталығының сарапшысы SARAP эксперттік клубының кезекті отырысына қатысты

Бүгін, Астана қаласында SARAP эксперттік клубының кезекті отырысы өтті. Жиынға сарапшылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен азаматтық қоғам белсенділері қатысып, азаматтық қатысу мен әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелерін талқылады.

Отырыстың күн тәртібінде екі негізгі тақырып қарастырылды. Бірінші секцияда жергілікті бастамаларды қолдау және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу деңгейі сөз болды. Сарапшылар бұл бағытта жүзеге асып жатқан жобаларды атап өтіп, өңірлік бастамаларды тиімді қолдаудың жолдарын ұсынды.

Екінші секцияда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заң жобаларының жаңа тәсілдері талқыланды. Қатысушылар саладағы реформалар, заңнамалық өзгерістер және мемлекеттік қолдаудың ашықтығы мәселелерін көтерді.

Іс-шараға Геральдикалық зерттеулер орталығының бас сарапшысы Сұлтан Оразаев та қатысты.

Клуб отырысы ашық диалог алаңына айналып, түрлі пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынды. Орталық сарапшысы Сұлтан Оразаев шара аяқталған соң:

“Мұндай кездесулер азаматтық қоғамды дамытудың нақты тетіктерін айқындауға және тиімді шешімдер қабылдауға жол ашады.” ,- деп пікір білдірді.

Оставить отзыв