Новости

«Туған жерім менің, Қазақстаным» республикалық әңгімелер байқауының жеңімпаздары Алматыда марапатталады 

Геральдикалық зерттеулер орталығы мен балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газеті «Туған жерім менің, Қазақстаным» атты әңгімелер байқауын ұйымдастырды.

Көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына және «Ұлан» газетінің 95 жылдығына орайластырылған республикалық сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50-ден астам оқушы қатысты.

Байқау жеңімпаздары 27 қараша күні сағат 15.00-де Алматы қаласында орналасқан Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде (Зенков көшесі, 24а) өтетін «Менің елім – жыр елі!» атты поэтикалық кеште марапатталады.

Поэтикалық кеш барысында әңгімелер байқауының жеңімпаздарына диплом мен естелік сыйлықтар табысталып, Жұмекен Нәжімеденов кітабының тұсауы кесілмек. Оған қоса «Ұлан» газетінің жас тілшілеріне куәлік берілетін болады.

Оставить отзыв