Новости
Posted in

Танымдық семинар – Қосшы қаласында

Posted in

                               

Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Қосшы қаласында «Менің Қазақстаным» акциясы аясында танымдық семинар өтті. Оған жергілікті мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ мектеп директорлары қатысты.

Іс-шараның басты мақсат-міндеті – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру. Танымдық семинар барысында спикерлер мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне кеңінен тоқталып, олардың символдық мән-мағынасы және тарихы туралы сөз қозғады.                 

Ең әуелі Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбай сөз алып, іс-шараның мән-маңызына тоқталды. Содан соң Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. Шерхан Талап аталған орталықтың негізгі қызметі туралы баяндама оқып, мемлекеттік рәміздерді жан-жақты тану – ұлттық бірегейлік пен патриоттық тәрбиенің берік негізі екенін айтып өтті.

Ведомстволық және өзге де наградаларды сараптау бөлімінің басшысы Әділхайыр Мырзаханов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы, символикалық мағынасы және қолданылу тәртібі туралы кең көлемде ақпарат берді. Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов қазақ геральдикасының тамыры тереңде екенін, мұндай семинарлардың азаматтық қоғамды дамытудың нақты тетіктерін айқындауға және тиімді шешімдер қабылдауға жол ашатынын жеткізді. Сонымен қатар спикерлер семинар қатысушыларының сұрақтарына толыққанды жауап қатты.

Бұл семинар – ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру бағытындағы маңызды бастама.

Оставить отзыв