Новости
Posted in

Мемлекеттік Туды Канадада жас хоккейшілер желбіретті

Posted in

Канададағы Квебек қаласында 66-шы халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament» турнирі аяқталды. Бұл жарысқа 16 елден 120 команда қатысты.

Турнирдің басты сенсациясы қазақстандық «Astana Team» командасы болды. Жас хоккейшілер финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде буллиттер сериясында канадалық қарсыластарын жеңіп шықты.

Айта кетейік, Канадада 1875 жылы жабық ғимаратта алғашқы ресми хоккей ойыны өткен, әрі бұл ел хоккейдің тарихи отаны саналады.

Оставить отзыв