Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.
Рустам Әли 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған.
2006-2011 жылдары — «Деловая неделя» газетінде тілші, редактор, бас редактордың орынбасары.
2011-2012 жылдары — «Жетісу жастары» жастар орталығы» МКҚК директоры.
2012 жылы — Алматы облысы жастар саясаты орталығының директоры.
2012 жылы — Алматы облысы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі.
2012-2016 жылдары — Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
2016-2020 жылдары Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.
2020-2021 жылдары — Алматы облысы әкімінің орынбасары.
2021-2022 жылдары — Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі.
2022-2023 жылдары — Жетісу облысы әкімінің орынбасары.
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы.
