Новости
Posted in

17 наурыз – Шаңырақ күні

Posted in

Шаңырақ – бірліктің, берекенің және отбасы құндылықтарының қасиетті нышаны. Бұл күн – халқымыздың ынтымағы мен татулығын, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлердің өміршеңдігін дәріптейтін ерекше мереке.

Қазақ үшін шаңырақ – тек баспана ғана емес, ол – тұтастықтың, рухани байланыс пен сенімнің белгісі. Әрбір шаңырақтың берік болуы – елдің қуаты мен тұрақтылығының көрінісі.

Осынау мәні терең мерекеде шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, уықтарыңыз мығым болсын! Әр жанұяға амандық, құт-береке, бақыт пен шаттық тілейміз. Ынтымағымыз артып, бірлігіміз нығая берсін!

Оставить отзыв