Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің символы. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жанданатын бұл мереке – халқымыздың бай дәстүрі мен терең тарихының айқын көрінісі. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, молшылық пен ырыс-несібе әкелсін!
Осы жарқын мереке әрбір отбасыға амандық, денсаулық, бақ-береке сыйласын. Ел бірлігі нығайып, татулығымыз артып, тәуелсіз еліміздің мерейі үстем бола берсін!
