Новости
Posted in

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларының жаңартылған жобасы

Posted in

Бұл құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленді. Негізгі мақсат – мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін нақтылау, олардың маңызын арттыру және елдік нышандарға деген құрметті күшейту.

Мемлекеттік Ту

Тұрақты түрде міндетті орналастыру көзделеді:

Жаңа талапқа сәйкес, Мемлекеттік Ту мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялар басшыларының ғимараттары мен қызметтік кабинеттерінде, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерінде тұрақты түрде ілініп тұруы тиіс.

Азаматтарға да Мемлекеттік Туды қолдануға мүмкіндік беріледі. Енді оны балконға 45 градус бұрышпен ілуге, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда орналастыруға, сондай-ақ салтанатты және отбасылық іс-шараларда пайдалануға болады.

Жеке тұрғын үйлерде Ту жерден кемінде 3 метр биіктікте орналастырылуы тиіс, түнгі уақытта оны жарықтандыру міндетті емес.

Сонымен қатар бірқатар шектеу енгізіледі. Мемлекеттік Туды киім, жарнама немесе тұрмыстық бұйым ретінде пайдалануға болмайды. Бүлінген, кірленген, өңі кеткен Туды қолдануға тыйым салынады. Сондай-ақ Тудың жерге, суға не еденге тиюіне жол берілмейді. Оны қорлауға немесе қадір-қасиетін кемсітетін әрекеттерге де қатаң тыйым салынады.

Государственный герб

Мінбердегі Елтаңбаның өлшемі – 25 см, ал ресми бланкілерде – 2,5 см болуы тиіс.

Мемлекеттік Әнұран

«Мемлекеттік Гимн» термині «Мемлекеттік Әнұран» болып өзгертіледі. Әскери бөлімдер мен әскери құралымдарда сапқа тұру рәсімдерінде Әнұранды міндетті түрде орындау тәртібі енгізіледі.

Оставить отзыв