Новости
Posted in

Қамысты қонысынан түркілік рәміздерге ұқсас ескерткіштер табылды

Posted in

Қостанайлық ғалымдар  Қола дәуіріне жататын Қамысты қонысынан түркілік нышандарға ұқсас таңбасы бар қыш ыдыстар мен металлдар тауып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Олар ежелгі қоныс орнынан мыңдаған артефакт кездестірген.Оның басым бөлігі – керамикалық бұйымдар мен жануар сүйектері. Табылған бұйымдарда түрлі тарихи таңбалар ерекше көп дейді зерттеушілер елдегі ақпараттық сайттың біріне берген сұхбатында. Ғалымдардың айтуынша, бұл белгілер сол дәуірдегі тұрғындардың түрлі наным-сенімдері мен тұрмыс-тіршілігінен хабар береді.

Аталған ескерткіш алғаш рет 1986 жылы аэрофототүсірілімдер арқылы анықталғанымен де, жүйелі археологиялық зерттеу жұмыстары 2021 жылдан басталған. Қазба жұмыстарын Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанындағы археологиялық зертхана мамандары жүргізіп келеді. Жобаны археолог Андрей Логвин басқарады.

Қоныстың қазіргі жағдайы алаңдатарлық болса да, жақсы сақталған аумақтарда зерттеушілер жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, Қамысты қонысы — Қазақстан аумағындағы қола дәуіріне жататын ерекше археологиялық ескерткіштердің бірі. Ол еліміздің тарихи-мәдени мұрасын тануға және ежелгі кезеңнің ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

Фото: Дарья Аверченко/ Kazinform

Оставить отзыв