Новости

Астанада Жүсіп Баласағұнның 1005 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Бүгін  Астана қаласында ойшыл, түркі әлемінің көрнекті тұлғасы Жүсіп Баласағұнның туғанына 1005 жыл толуына орай ғылыми дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының» бастамасымен ұйымдастырылды. Жиын барысында ғалымдар мен мәдениет саласының мамандары Жүсіп Баласағұнның мұрасын жан-жақты талқылап, оның «Құтты білік» еңбегіндегі рухани, саяси және әлеуметтік көзқарастары жайлы айтты.

Сондай-ақ мұнда ойшылдың еңбектерінде кездесетін тарихи таңбалардың маңызы, оның бүгінмен сабақтастығы  туралы да сөз қозғалды. Шараға еліміздің белгілі түркологтары, әдебиеттанушылар, тарихшылар және жас зерттеушілер қатысты. Олар Баласағұнның түркі мәдениеті мен ғылымына қосқан үлесін бағалап, оның шығармашылығы бүгінгі ұрпаққа бағыт-бағдар екенін атап өтті.

Оставить отзыв