Автор: Геральдикалық зерттеулер орталығы

Астанада Жүсіп Баласағұнның 1005 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Бүгін  Астана қаласында ойшыл, түркі әлемінің көрнекті тұлғасы Жүсіп Баласағұнның туғанына 1005 жыл толуына орай ғылыми дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының» бастамасымен ұйымдастырылды. Жиын барысында ғалымдар мен мәдениет саласының мамандары Жүсіп Баласағұнның мұрасын жан-жақты талқылап, оның «Құтты білік» еңбегіндегі рухани, саяси және әлеуметтік көзқарастары жайлы айтты. Сондай-ақ мұнда ойшылдың еңбектерінде […]

Подробнее Астанада Жүсіп Баласағұнның 1005 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Қамысты қонысынан түркілік рәміздерге ұқсас ескерткіштер табылды

Қостанайлық ғалымдар  Қола дәуіріне жататын Қамысты қонысынан түркілік нышандарға ұқсас таңбасы бар қыш ыдыстар мен металлдар тауып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Олар ежелгі қоныс орнынан мыңдаған артефакт кездестірген.Оның басым бөлігі – керамикалық бұйымдар мен жануар сүйектері. Табылған бұйымдарда түрлі тарихи таңбалар ерекше көп дейді зерттеушілер елдегі ақпараттық сайттың біріне берген сұхбатында. Ғалымдардың айтуынша, бұл белгілер […]

Подробнее Қамысты қонысынан түркілік рәміздерге ұқсас ескерткіштер табылды 1 мин к чтению

Геральдикалық зерттеулер орталығы астаналық оқушыларға арнайы семинар өткізді

«Геральдикалық зерттеулер орталығы» «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында Астана қаласындағы Ә. Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейде мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған семинар ұйымдастырды. Семинар мақсаты – мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен олардың маңызын түсіндіріп, оқушыларды отаншылдыққа баулу. Іс-шара барысында қатысушылар «Геральдикалық зерттеулер орталығының» қызметімен танысып, рәміздерді пайдалану тәртібі мен заңнамада көзделген жауапкершілік түрлері туралы маңызды ақпарат алды. […]

Подробнее Геральдикалық зерттеулер орталығы астаналық оқушыларға арнайы семинар өткізді 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Мекемелік марапаттарды ретке келтіру маңызды

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ведомстволық (мекемелік) марапаттарды ретке келтіру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.  Президенттің айтуынша, соңғы жылдары мемлекеттік наградалар мәселесін қайта қаралып, бір жүйеге түсірілген. Енді ведомстволық (мекемелік) марапаттарды ретке келтіру қажет. «Мемлекеттік органдар бұл жұмысты назардан тыс қалдырды. Нақты ереже жоқ, бәріне ортақ мәліметтер қоры да жоқ. Соның кесірінен кейбір марапаттар орынсыз таратылып […]

Подробнее Мекемелік марапаттарды ретке келтіру маңызды 1 мин к чтению

ҚР МАМ “Геральдикалық зерттеулер орталығының” мамандары іс-сапар барысында Семей қаласының № 1 емханасында болды

Емханада өткен кездесуде ғимараттағы стендтердің орналасуын Орталық мамандары тексеріп шықты.Емхана қызметкерлеріне мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен рәміздерге қойылатын мемлекеттік стандарт мәселелері заң тұрғысынан түсіндірілді. Емхана басшылығы Орталықтың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.

Подробнее ҚР МАМ “Геральдикалық зерттеулер орталығының” мамандары іс-сапар барысында Семей қаласының № 1 емханасында болды 1 мин к чтению

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Абай облысында

Іс-сапар барысында Орталық мамандары Абай облысының әкімдігінде болды. Онда мемлекеттік рәміздердің пайдалану тәртібі, насихатталу жұмыстары жайында жергілікті мамандармен талқыланды. Сондай-ақ әкімдік жанындағы комиссияның жұмысымен де танысты.Кездесу барысында Абай өңірі бойынша жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстары да айтылды. Ондағы орын алатын олқылықтар жайында Орталық мамандары заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы! Оларды дұрыс қолдану […]

Подробнее Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Абай облысында 1 мин к чтению

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҚАСТЕРЛІ МІНДЕТ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап  ісі  комитетінің  «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен және Shakarim University-дің қолдауымен «Менің туым – менің Отаным» акциясы аясында университеттің білім алушыларына ақпараттық-танымдық семинар өткізілді. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын қалыптастыру, олардың мәртебесін көтеру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада Геральдикалық зерттеулер орталығының  бөлім басшысы […]

Подробнее РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҚАСТЕРЛІ МІНДЕТ 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар табыстады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мемлекет басшысының атынан қоғамдық қызметі мен еліміздің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатталғандар: «Құрмет» ордені – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры Өтеғалиева Сәуле Ысқаққызы; «Ерен еңбегі үшін» медалі – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Тасбергенова Гаухар […]

Подробнее ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар табыстады 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Қызылордада есірткіге қарсы логотиптер байқауы өтті

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы алғаш рет студенттер мен оқушылар арасында есірткіге қарсы логотиптер байқауын ұйымдастырды. Байқауға креативті және ерекше 48 жұмыс ұсынылды. Конкурсқа қатысушылар қысқа уақытта «Қызылорда облысы есірткіге қарсы!» және «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» эмблема-логотипін жасап шықты. Ұсынылған жұмыстардың көркемдік деңгейі мен ерекше идеяларды ескеріліп, әдетегідей 3 орын […]

Подробнее Қызылордада есірткіге қарсы логотиптер байқауы өтті 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

Ұлы ақын-ағартушы, композитор, философ Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Астана Опера» театрында «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты концерт өтті. Бұл кеште композитор Еркеғали Рахмадиевтің Абай Құнанбаев өлеңдеріне жазылған романс топтамасы алғаш рет орындалды. Атап айтсақ, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жаздыгүн шілде болғанда», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да…», «Қажымас дос халықта жоқ», […]

Подробнее Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті 1 мин к чтению