«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалі

«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалімен қызметкерлер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн марапатталады.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін” медалі диаметрі 34 мм болатын шеңбер нысанындағы жезден жасалады.

Медальдің бет жағында ортада Нәзір Төреқұлов портретінің барельефтік бейнесі орналасқан. Портреттің айналасында лавр бұтақтарынан тұратын десте бейнеленген. Медальдің ернеуі мен десте арасында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу орналасқан. Медальдің төменгі бөлігінде Нәзір Төреқұловтың портретінің астында «НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ» деген жазу орналасқан.

Медальдің сыртқы жағында ортада «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан, жазудың астында екі лавр бұтағы орналасқан. Төменгі бөлігінде медальдің реттік нөмірі орналасқан.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 30 мм және биіктігі 24 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Тағанның тікбұрышты бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес ені 20 мм жібек қатқыл лентамен қапталған.

Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.