Қазақстандық альпинист әрі саяхатшы Ғалымжан Құсманов планетаның барлық құрлығындағы ең биік жанартауларға шығуды көздейтін халықаралық «7 жанартау» халықаралық жобасын толық аяқтаған тұңғыш этникалық қазақ және әлемдегі 67-ші адам атанды.
Соңғы шың – Мексикадағы Орисаба жанартауы (5636 м) болды. Құйындата соққан жел мен қолайсыз ауа райына қарамастан, ол сол жерде Қазақстанның Мемлекеттік Туын желбіретті.
Бұл сәт – туған жерге деген шексіз махаббаттың, рух пен төзімділіктің, Қазақстан атын биікке көтеруге деген адалдықтың айқын белгісі. Әлемнің ең биік нүктелерінде көк байрақтың желбіреуі – ұлт рухының мәңгі өшпейтінін дәлелдеген нағыз ерлік.
Құспанов бағындырған жеті шың:
Сидлей (Антарктида)
Охос-дель-Саладо (Оңт. Америка)
Гелуве (Аустралия)
Килиманджаро (Африка)
Эльбрус (Еуропа)
Демавенд (Азия)
Орисаба (Солт. Америка)
Сөйтіп, ол жер бетіндегі барлық жеті құрлықта орналасқан ең биік жанартауларды бағындырған әлемдік альпинистер клубына енді.
