Новости
Posted in

Бүгін – ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлының туған күні

Posted in

1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздерін дайындауға жұмыс тобы құрылғандығы және елтаңба, ту, әнұран жобаларына байқау жарияланғаны туралы Жоғарғы Кеңес Президиумының Қаулысы шықты. Осы байқауға көптеген талантты ақындар, сазгерлер, суретшілер мен сәулетшілер қатысты, олардың қатарында Ж. Мәлібеков те болды.

«Құрмет» орденінің, I дәрежелі «Барыс»» орденінің иегері Жандарбек Мәлібекұлы 1992 жылғы сәуір айының соңында өз жобасын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кеңсесіне тапсырады. Байқауға түскен 293 елтаңба нұсқасының ішінен Ж. Мәлібековтің жобасы жеңіп шықты.

Елтаңбадағы пырақтың мүйізіндегі жеті сақина жеті атасын білген қазақ халқының тектілігін білдіреді. Ал, пырақтың үш үлкен және үш кішкентай қанаты – көнедегі үш жүздің халқы мен қазіргі ұрпақтың сабақтастығын аңғартады.

Жандарбек Мәлібекұлы Елтаңба жобасын дайындаған сәттерді толғаныспен еске алады. Белгілі сәулетшіге зор денсаулық, амандық-саулық тілейміз!

Оставить отзыв