Новости
Posted in

Бүгін тұңғыш рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтің туғанына – 71 жыл

Posted in

Бүгін қазақ елінің тұңғыш рәмізтанушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ербол Шаймерденовтің туғанына 71 жыл толып отыр. Саналы ғұмырын ел руханиятына, мәдениет пен баспасөздің дамуына арнаған қайраткер – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айрықша тұлғалардың бірі.

Ербол Шаймерденов – еліміздегі мемлекеттік рәміздерді әзірлеуге белсене қатысқан азамат. Ол 1992 жылы Мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде ел Тәуелсіздігінің басты нышандары – Ту, Елтаңба, Әнұранның бекітілуіне елеулі үлес қосты. Сондай-ақ ұлттық геральдиканың қалыптасуына бастамашы болып, бұл бағыттың ғылыми әрі идеологиялық негізін қалаған тұлға саналады.

Ол – ақын, жазушы-публицист ретінде де елге кеңінен танымал. Ербол Шаймерденовтің қаламынан туған ғылыми-зерттеу еңбектері мен публицистикалық жинақтары ұлттық мұрамызды насихаттауға, жас ұрпаққа елдік сананы сіңіруге қызмет етіп келеді. Ол жалпы саны 20-ға жуық кітап жазған.

Сондай-ақ Ербол Шаймерденов – Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш баспасөз хатшысы қызметін атқарған, еліміздің ақпараттық кеңістігін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Еңбегі еленіп, «Құрмет» орденімен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағымен және Міржақып Дулатұлы атындағы сыйлықпен марапатталған.

Оставить отзыв