Новости
Posted in

Бауыржан Момышұлының портреті Дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

Posted in

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының батыры, аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай елордадағы «Астана Арена» стадионында ерекше портрет жасалды.

Алаңда бой көтерген алып портреттің жалпы аумағы — 2 736 шаршы метр. Осы арқылы ол «Әлемдегі ең үлкен портрет» ретінде Дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

Ауқымды жобаны Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы қолға алған. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, портретті жасауға елордалық шығармашылық топтар, ұстаздар мен оқушылар жұмылдырылған. Биіктігі — 70 метр, ені — 32 метр болатын фотомозайка әр пиксельге 1 шаршы метрден бөлініп, ақ пен қара бояудың көмегімен құрастырылған. Жалпы 700 келі ақ, 320 келі қара бояу пайдаланылған.

Оставить отзыв