Белгілі жазушы Мұхтар Мағауин өмірден өтті. Қаралы хабарды жазушының ұлы Едіге Мағауин естіртті.
Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
«Арыстан ӘКЕМ фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)», – деп жазды Едіге Мағауин.
Дереккөз: ztb.kz