Геральдикалық зерттеулер орталығы 08.10.2024 ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттарымен “Мемлекеттік рәміздер тарихы” тақырыбы бағытында сұрақтар талқыланды. дөңгелек үстел өткізді. Асан Мейірхан, Ескендір Диас және Аманжолова Дильназ бастаған тарих білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары жаңа ой, заманауи көзқарастарымен бөлісті.
Мария Тереза Джусти қонақта болды
Геральдикалық зерттеулер орталығында Италия елінің «Габриэле д,Аннунцио» мемлекеттік университетінің профессоры, белгілі тарихшы Мария Тереза Джусти қонақта болды.Кездесу барысында Мария Тереза Италияның мемлекеттік символдары, өңірлік гербтер және дворян әулеттері гербтерінің тарихы мен оның ерекшеліктері туралы баяндады.Іс-шара соңында, қонаққа орталықтың қызметі таныстырылып, естелік сыйлықтар табысталды.
“Геральдиканың өзекті мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстел
Геральдикалық зерттеулер орталығы мамандары 23.09.2024 ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттарымен “Геральдиканың өзекті мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Асан Индира, Маманов Рамазан сынды тарих білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары қазақ геральдикасының негізгі мәселелерін зерттеуде жасанды интеллектті меңгерген жас ізденушілерді қолдау керектігін алға тартты.
ЕҰУ жас тарихшыларына Геральдикалық зерттеулер бөлімінің зерттеу бағыттарын таныстыру
Геральдикалық зерттеулер орталығы бөлім басшысы Бижанов Асылжан 16.09.2024 ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жас тарихшыларына Геральдикалық зерттеулер бөлімінің зерттеу бағыттарын таныстырды. 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстары тақырыптарын геральдика саласымен байланыстыру ұсыныстары талқыланды. Болашақ тарихшы Ануарбеков Сағыныш мемлекеттік рәміздер тақырыбын зерттеуге ерекше ықыласы бар екендігін білдірді.
“Мемлекеттік рәміздер тарихы” тақырыбында дәріс-дискуссия
Геральдикалық зерттеулер бөлімі бөлім басшысы Бижанов Асылжан 09.09.2024 ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттеріне “Мемлекеттік рәміздер тарихы” тақырыбында дәріс-дискуссия өткізді. Күндулла Асылбек, Маденова Гаухар, Әбілов Санжар сынды тарих білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері белсенділік танытып өз ойларымен бөлісті. #геральдика#рәміздер#qazaqstan#рәміз#ту
V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны
Бүкіл әлем көз тіккен, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны, 2024 жылы 8 қыркүйектен 14 қыркүйек аралығында елордамыз Астана қаласында өтуде. Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Геральдикалық зерттеу орталығы» спортшыларымызға қолдау білдіреді.
Тіл мен рәміз: ұлттық бірлік символы
Бүгін, 5 қыркүйек қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне, сонымен қатар Қазақстан халықтарының тіл мерекесіне орай Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары, Астана қаласы Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясына “Тіл мен рәміз: ұлттық бірлік символы” тақырыбында 10-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Дәріс соңында, оқушыларға викториналық сұрақтар қойылып, белсене […]
Конституция күні Елордада 10 сәби дүниеге келді
Ұлытау облысында Мемлекеттік рәміздер алаңы ашылды
Президент тапсырмасы орындалды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
Абай күніне орай Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Бижанов Асылжан Самиғоллаұлы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі» жеке құрамына «Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы» атты дәріс оқыды. Дәріс барысында «Зар заман және Абай», «Абай және Алаш сабақтастығы», «Ұлттық болмыстың үлгісі» және «Мемлекет ісінің мүдделесі» бағытындағы сұрақтар талқыланды.Шара соңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Шыңғыс […]