Астана қаласында мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыстау рәсімі өтті. Стипендияны Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті. Әдебиет пен өнер саласындағы Президенттік стипендия отандық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға беріледі. Мемлекеттік стипендия тағайындалғаннан бері Қазақстан руханияты мен өнеріне еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. Биыл 75 адам […]
Геральдикалық зерттеулер орталығының маманы Сұлтан Оразаев «Бірлік» алтын медалін иеленді
Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Жас ғалымдар» клубының белсенді мүшелерін марапаттады. Осы іс-шарада еліміздің бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін «Жас ғалымдар» клубының бірқатар мүшесіне Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі табысталды. Олардың қатарында Геральдикалық зерттеулер орталығы Ведомстволық және […]
«Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Астанада «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – шығармашыл тұлғаларды қолдау, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттау. Байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген қатысушы бақ сынады. Жеңімпаздардарға диплом, естелік сыйлықтар және гүл шоқтары табысталды. Салтанатты рәсім мерекелік концерттік бағдарламаға жалғасып, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық […]
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, мемлекетіміздің ең қастерлі құндылығы, елдігіміздің берік тұғыры. Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, ұлттық рух пен тарихи сабақтастықтың айқын көрінісі. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыз мемлекет абыройын асқақтата берсін. Әнұранымыз әлем төрінде шырқалып, Тәуелсіз Қазақстанның беделі мен мерейі арта бергей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз […]
Геральдикалық зерттеулер орталығы Тәуелсіздік күніне орай кездесу өткізді
Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында «Ұрпақ сабақтастығы: Желтоқсаншылар және бүгінгі жас» тақырыбында кездесу өтті. Бұл кездесу Тәуелсіздік күніне орай Желтоқсан оқиғасының куәгерлері мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсат-міндеті – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, жасөспірімдерді патриотизмге баулу, сондай-ақ олардың Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлт тарихын тереңірек білуге деген құлшынысын арттыру. Кездесуге […]
«Ұрпақ сабақтастығы: Желтоқсаншылар және бүгінгі жас» тақырыбында кездесу ұйымдастырылуда
Геральдикалық зерттеулер орталығы Тәуелсіздік күніне орай Желтоқсан оқиғасының куәгерлері мен мектеп оқушылары арасында кездесу ұйымдастыруда. Іс-шараның басты мақсат-міндеті – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, жасөспірімдерді патриотизмге баулу, сондай-ақ олардың Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлт тарихын тереңірек білуге деген құлшынысын арттыру. Кездесуге Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері және оқушылар қатысады.
Патриот кәсіпкер
Кәсіпкер Темірхан Әшімұлы Астана қаласындағы «Әзірет» атты дүкенін Мемлекеттік Ту бейнеленген 4 000 дана шар және 1 000 дана кішкентай Тумен безендірді. Бұл ерекше көрініс көпшілікті таңғалдырды. Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары аталған дүкенге арнайы барып, кәсіпкермен тілдесті. Мамандар рәміздердің дұрыс қолданылуын тексеріп, композицияның патриоттық мәнін жоғары бағалады. Тәуелсіздік күні қарсаңында патриот кәсіпкер Темірхан Әшімұлы осылайша […]
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына – 30 жыл!
1991 жылы егемендікке қол жеткізгеннен кейін мемлекет басқарудың жаңа жүйесін құруға кірісті. Елдің ішкі және сыртқы саясаты, ұлттық қауіпсіздігімен қатар, мемлекеттік символдар мен наградалар жүйесі де жаңадан қалыптасуға тиіс болды. 1993 жылы Конституция қабылданған соң заңнамалық негіздерді жетілдіру жұмысы басталды. Осы кезеңде азаматтардың еңбегін ел алдында бағалайтын, ұлттық мақтаныш пен патриотизмді оятатын марапат жүйесі қажет еді. Осылайша 1995 жылы 12 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының […]
«Tańba quiz» интеллектуалдық ойынында «Historia Nova» тобы жеңімпаз атанды
Тәуелсіздік күніне орай «Tańba quiz» интеллектуалдық ойыны өтті. Оған Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған бірнеше топ қатысты. Интеллектуалдық ойынды Геральдикалық зерттеулер орталығы мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы ұйымдастырды. Геральдикалық зерттеулер орталығы Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов зияткерлік сайыстың мән-маңызына тоқталып, ойын шарттарымен таныстырды. Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ геральдикасы, әлем геральдикасы […]
«Tańba quiz» интеллектуалдық ойыны өтеді
Геральдикалық зерттеулер орталығы мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Тәуелсіздік күніне орай «Tańba quiz» интеллектуалдық ойынын ұйымдастыруда. Іс-шараның басты мақсат-міндеті – қатысушылардың геральдика және мемлекеттік рәміздер саласындағы білімін тереңдету, тарихи сана мен ұлттық танымды арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдары арасындағы шығармашылық және кәсіби ынтымақтастықты дамыту. Интеллектуалдық ойын барысында қазақ геральдикасы, әлем геральдикасы және тарихи […]
