Қызметтік міндеттемелері:
– Өз қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттар мен заңнама талаптарын сақтауға;
– Мемлекеттік рәміздер, наградалар және жалпы геральдика саласына қатысты халықаралық тәжірибеге зерттеу жүргізуді ұйымдастыруға;
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, мемлекеттік, ведомстволық және оған теңестірілген өзге де наградаларының геральдикалық элементтеріне сараптама жүргізіп, ұсыным беруге;
– Мемлекеттік рәміздер, ведомстволық наградалар мен геральдикалық белгілерді қолдану бойынша әдістемелік материалдар мен нұсқаулықтарға сараптамалық қорытынды беруге;
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
– Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларға қатысты мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға, ұсынымдар енгізуге;
– Өңірлік нышандардың геральдикалық элементтеріне сараптама жүргізуге;
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері саласындағы уәкілетті органның жанынан құрылған әдістемелік-консультативтік-кеңесші органның жұмысына қатысуға, ұсынымдар енгізуге.
Біліктілік талаптары: білімі (қазақ тілі мен әдебиет, шетел тілі: екі шетел тілі, педагогика және психология, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бизнес, тарих (археология, этнография) гуманитарлық ғылымдар (филология, философия, лингвистика әдебиеттану, халықаралық қатынастар, аударма ісі) мамандықтары бойынша білімі болуы және тиісті мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуға тиіс.
Қызметтік міндеттемелері:
– Қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттар мен заңнамалар талаптарын сақтауға;
– Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырады және өткізеді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес құжаттаманы жүргізеді;
– Өнімді мемлекеттiк сатып алу туралы нарықтық зерттеулер жүргізуге;
– Мемлекеттік сатып алу сайттарына мониторинг жүргізеді;
– Бюджет қалыптастыруға, өтінім беруге және мемлекеттік сатып алудың жоспарын жасауға қатысады.
– Жасалған шарттарды дұрыс сақтауға және бекітілген тәртіптерге сәйкес тіркеулерін жүргізуге;
– Белгіленген мерзім аралығында айлық, жылдық және жиынтық есептерді дайындап ұсынуға;
– Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырады және өткізеді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес құжаттаманы жүргізеді;
Біліктілік талаптары: экономика, менджмент, есеп және аудит, қаржы, құқық мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуға тиіс.
Қызметтік міндеттемелері:
– Орталықтың бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын ұйымдастырады;
– Есептердің жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарларын), үлгі нысандар көзделмеген, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау жөніндегі жұмысқа, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеуге, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін, шаруашылық операцияларын жүргізуді бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтауды және құжат айналым тәртібін қамтамасыз етуге басшылық етеді;
– Құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылығы мен дұрыстығын, экономикалық негізделген өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнының калькуляциясын жасауды, жалақы бойынша есептерді, заңнамаға сәйкес мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, банктерге зейнетақы және өзге сақтандыру жарналарын, төлемдерді, капитал салымдарын қаржыландыруға қаражатты дұрыс аударуды қадағалайды;
– Есеп саясатын қалыптастыру және оны жүзеге асыру шараларын әзірлейді; – Орталық қызметкерлеріне бухгалтерлік есеп, есептілікті бақылау және экономикалық талдау бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
– Орталықта бухгалтерлік құжаттаманың уақытында дұрыс ресімделуін бақылайды.
Біліктілік талаптары: экономика, менджмент, есеп және аудит, қаржы, құқық мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуға тиіс.
Қызметтік міндеттемелері:
– Орталық директорының шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, бөлімінің алдына қойылған міндеттердің және функциялардың жүзеге асырылуын және орындалуын қамтамасыз етуге;
– Басшының қарауына түскен хат-хабарды қабылдайды, қабылданған шешімге сәйкес оны жұмыс барысында пайдалану не жауап дайындау үшін құрылымдық бөлімшеге немесе нақты орындаушыға береді;
– Іс қағаздарын жүргізеді, компьютерлік техниканы пайдалана отырып, шешімдер дайындау және қабылдау кезінде ақпарат жинауға, өңдеуге және ұсынуға арналған түрлі операцияларды орындайды;
– Басшының жұмысына қажетті құжаттар және материалдар дайындайды; құрылымдық бөлімшелердің және нақты орындаушылардың орындауға түскен құжаттарды уақтылы қарауын және ұсынуын бақылайды, басшыға қол қоюға берілген, дайындалған құжаттар жобаларының дұрыс ресімделуін тексереді, олардың сапалы редакциялануын қамтамасыз етеді;
– Басшы өткізетін мәжілістер мен отырыстарды дайындау бойынша жұмысты (қажетті материалдар жинау, жүргізілетін уақыты және орны, күн тәртібі туралы қатысушыларға хабарлау, оларды тіркеу) орындайды, мәжілістер мен отырыстардың хаттамаларын жүргізеді және ресімдейді;
– Ұйым қызметкерлерінің шығарылған бұйрықтар мен өкімдерді орындауын, сондай-ақ ұйым басшысының бақылауға алынған нұсқаулары мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады; -Істерді бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімде архивке тапсырады.
Біліктілік талаптары: тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс кемінде 1 жыл болуы тиіс.
