Бүгін Геральдикалық зерттеулер орталығы Астанадағы спорт академиясы студенттеріне дәріс өткізді. Дәрісте болашақ спортшыларға рәміздердің тарихы баяндалып, пайдалану тәртібі айтылды. Сондай-ақ, студенттер орталықтың негізгі міндеттерімен танысты.Іс-шараның мақсаты – ұлттық бірегейлікті қалыптастырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру. Студенттердің патриоттық сезімін оятып, рух беру.Айта кетейік, Геральдикалық зерттеулер орталығы ұйымдастырған бұл дәріс «Менің Қазақстаным» акциясы аясында өтіп жатыр. Ол […]
Іс – шаралар
«Ұлт және ұлттық кітап» атты ашық есік күні өтті
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлт және ұлттық кітап» атты ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – қаламгер, кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, мәдени-рухани құндылықтарды қоғамға жан-жақты насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру. Ашық есік күні аясында кітапханадағы жаңартылған коворкинг орталығының салтанатты ашылуы өтті. Заманауи форматтағы бұл кеңістік оқырмандардың бірлесіп жұмыс істеуіне, пікір алмасуына, білімін жетілдіруіне мүмкіндік […]
Ұлттық музейде мәдени мұраның ғылыммен үндестігіне арналған дөңгелек үстел өтті
Бүгін Ұлттық музей қабырғасында «Қазақстанның мәдени мұрасы: археология және қоғамдық ғылымдардың өзара үндестігі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен ҚР Ұлттық музейінің бірлесуімен, «Ғылым қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Жиынға отандық ғалымдар, тарихшылар, археологтар, мәдениет саласының мамандары мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – […]
Астанада Жүсіп Баласағұнның 1005 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Бүгін Астана қаласында ойшыл, түркі әлемінің көрнекті тұлғасы Жүсіп Баласағұнның туғанына 1005 жыл толуына орай ғылыми дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының» бастамасымен ұйымдастырылды. Жиын барысында ғалымдар мен мәдениет саласының мамандары Жүсіп Баласағұнның мұрасын жан-жақты талқылап, оның «Құтты білік» еңбегіндегі рухани, саяси және әлеуметтік көзқарастары жайлы айтты. Сондай-ақ мұнда ойшылдың еңбектерінде […]
Геральдикалық зерттеулер орталығы астаналық оқушыларға арнайы семинар өткізді
«Геральдикалық зерттеулер орталығы» «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында Астана қаласындағы Ә. Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейде мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған семинар ұйымдастырды. Семинар мақсаты – мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен олардың маңызын түсіндіріп, оқушыларды отаншылдыққа баулу. Іс-шара барысында қатысушылар «Геральдикалық зерттеулер орталығының» қызметімен танысып, рәміздерді пайдалану тәртібі мен заңнамада көзделген жауапкершілік түрлері туралы маңызды ақпарат алды. […]
Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар мәселелері жөнінде республикалық семинар өтті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті геральдикалық жұмыс басқармасы мен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті. Екі күндік семинарға еліміздің барлық өңірлерінен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Сауда және интеграция […]
ҚР МАМ “Геральдикалық зерттеулер орталығының” мамандары іс-сапар барысында Семей қаласының № 1 емханасында болды
Емханада өткен кездесуде ғимараттағы стендтердің орналасуын Орталық мамандары тексеріп шықты.Емхана қызметкерлеріне мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен рәміздерге қойылатын мемлекеттік стандарт мәселелері заң тұрғысынан түсіндірілді. Емхана басшылығы Орталықтың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.
Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Абай облысында
Іс-сапар барысында Орталық мамандары Абай облысының әкімдігінде болды. Онда мемлекеттік рәміздердің пайдалану тәртібі, насихатталу жұмыстары жайында жергілікті мамандармен талқыланды. Сондай-ақ әкімдік жанындағы комиссияның жұмысымен де танысты.Кездесу барысында Абай өңірі бойынша жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстары да айтылды. Ондағы орын алатын олқылықтар жайында Орталық мамандары заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы! Оларды дұрыс қолдану […]
РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҚАСТЕРЛІ МІНДЕТ
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен және Shakarim University-дің қолдауымен «Менің туым – менің Отаным» акциясы аясында университеттің білім алушыларына ақпараттық-танымдық семинар өткізілді. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын қалыптастыру, олардың мәртебесін көтеру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада Геральдикалық зерттеулер орталығының бөлім басшысы […]
«Алғыс айту» күніне орай Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлымен кездесу өтті
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, профессор, сәулетші Жандарбек Мәлібекұлымен кездесу өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды. Алқалы жиынға мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесу барысында Жандарбек Мәлібекұлының шығармашылық […]