Іс – шаралар

Ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы

Геральдикалық зерттеулер орталығы жанынан құрылған Ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. 2022 жылы құрылған Ғылыми-әдістемелік кеңестің бұл 2024 жылғы ІІ тоқсанын қорытындылау отырысы.Ғылыми-әдістемелік кеңестің негізгі мақсаты – геральдика саласын насихаттау және ғылыми тұрғыдан дұрыс көзқарас қалыптастыру. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Аргенова Гүлдана Мәлікқызы […]

Подробнее Ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы 1 мин к чтению

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында  музейлік сабақ өтті

Бүгін Ұлттық музейде Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында  музейлік сабақ өтті. 🇰🇿Сабақтың мақсаты – ҚР Мемлекеттік рәміздерінің пайда болуын, тарихтағы маңызын талқылап, оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу. 🇰🇿Сабаққа Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушылары қатысты. 🇰🇿Сабақ барысында балалар рәміздер жайлы жинақтаған деректерін […]

Подробнее «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында  музейлік сабақ өтті 1 мин к чтению

«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай еркін форматта кездесу өтеді

«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – әр түрлі сала мамандары мен жас ғалымдардың басын біріктіру арқылы еркін форматта мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, соның ішінде Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерге қатысты мәселелерді талқылау арқылы жаңа идеялар, пайымды пікірлер алу.Жиында шақырылған қонақтардың арасынан алғаш болып сөз алған Геральдист Айдын Рысбекұлы […]

Подробнее «4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай еркін форматта кездесу өтеді 1 мин к чтению

Геральдикалық зерттеулер орталығының қызметкерлері Астана IT университетінде қонақта болды

4 мауысм – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесі қарсаңында Геральдикалық зерттеулер орталығының қызметкерлері Астана IT университетінде қонақта болды.Студенттермен кездесу барысында Орталық директоры Қалқаман Сарин жиналған қауымды келе жатқан мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздеріміздің халқымыз үшін маңызы, оның қадыр-қасиеті, оларға құрметпен қарау тұрғысында әңгіме қозғады. Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов рәміздеріміздің пайда болуы, олардың өзгеру тарихы туралы, […]

Подробнее Геральдикалық зерттеулер орталығының қызметкерлері Астана IT университетінде қонақта болды 1 мин к чтению

«Рәміздерім – Тәуелсіздік бойтұмары!» атты жас суретшілер көрмесі өтті

«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК қолдауымен «Рәміздерім – Тәуелсіздік бойтұмары!» атты жас суретшілер көрмесі өтті. Көрмеге Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының жас өнерпаздарының суреттері қойылды. Суреттерді сөйлеткен […]

Подробнее «Рәміздерім – Тәуелсіздік бойтұмары!» атты жас суретшілер көрмесі өтті 1 мин к чтению

«Рәмізге құрмет – ұрпаққа міндет» атты танымдық экскурсия өтті

«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінде Астана қаласы әкімдігінің № 73 мектеп лицейінің оқушыларымен «Рәмізге құрмет – ұрпаққа міндет» атты танымдық экскурсия өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, профессор Жандарбек Мәлібеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары […]

Подробнее «Рәмізге құрмет – ұрпаққа міндет» атты танымдық экскурсия өтті 1 мин к чтению

«Ел рәмізі – елдігім» атты студенттер арысында дебат өтті

«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде студенттер арасында дебат өткізілді. Іс-шарада агротехинкалық және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің белсенділері пікір талас жүргізді. Басты тақырып қазіргі таңда өзекті болып отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін коммерциялық мақсатта пайдалану оның мағынасы мен символдық құндылығы жайында.Жақтаушы тарап Мемлекеттік Ту немесе […]

Подробнее «Ел рәмізі – елдігім» атты студенттер арысында дебат өтті 1 мин к чтению

Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрініңжанындағы мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.​«Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің директоры, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің (әрі қарай-Кеңес) мүшесі Сарин Қалқаман Айымғазыұлы және Орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төраға орынбасары Әлиқұлов Ербол Шымкентбайұлының төрағалығымен өткен […]

Подробнее Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті 1 мин к чтению

Геральдикалық зерттеулер орталығында ғылыми-әдістемелік кеңес өтті

Жиынға ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшелері – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, тарих ғылымдарының докторы Тілеген Садықов, «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары, тарих  ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған және өзге де тарихшылар мен ғалымдар қатысты. “Әрбір мемлекет үшін рәміздердің маңызы зор. Кез […]

Подробнее Геральдикалық зерттеулер орталығында ғылыми-әдістемелік кеңес өтті 1 мин к чтению