Новости

Posted in
Posted in

Астанадағы Жеңіс шеруіне 4,5 мың адам қатысады

Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінді. ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Виталий Адамович Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың ерекшеліктерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz. Айта кетейік, шеру 7 мамырда Астанада «Қазақ елі» монументінің жанындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді деп жоспарланған. Шеру үш кезеңнен […]

Подробнее Астанадағы Жеңіс шеруіне 4,5 мың адам қатысады 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды

Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның «Махаббатым өзімде» өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті. Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады. Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті. […]

Подробнее Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Астанада Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті

Бүгін, 7 ақпанда Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті. ҚР Ұлттық музейінде өткен жиынға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, сондай-ақ ұйымға мүше елдердің Мәдениет министрлері қатысты. Кеңес отырысында «Түркі әлемінің келешегі – 2040» […]

Подробнее Астанада Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Менің туым – менің Отаным

«Менің туым – менің Отаным» патриоттық акциясы аясында Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназиясында ақпараттық-танымдық семинар өтті. ⚜️Іс-шара барысында мекеме басшысы Шерхан Талапұлы Орталықтың негізгі қызметі мен мақсатын таныстырып өтті. Ал геральдикалық зерттеулер бөлімінің бас маманы Асылжан Бижанов мемлекеттік рәміздердің тарихы және олардың авторлары жайында баяндады. ⚜️Іс-шара соңында квиз интелектуалдық ойыны ойнатылып, белсенділік танытқан оқушыларға […]

Подробнее Менің туым – менің Отаным 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде болып, мемлекеттік рәміздерге қатысты құнды деректермен танысты

Бүгін Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде болып, мемлекеттік рәміздерге қатысты құнды деректермен танысты. 📎 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов сынды қайраткерлер кірді. 📎Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір […]

Подробнее Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде болып, мемлекеттік рәміздерге қатысты құнды деректермен танысты 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Шерхан Талапов «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директорының м.а. болып тағайындалды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының бұйрығымен Талапов Шерхан Талапұлы «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директорының м.а. болып тағайындалды.  Комитет төрағасы Рустам Али Геральдикалық зерттеулер орталығының ұжымына жаңа басшыны таныстырып, табысты жұмыс атқаруға сенім білдірді.  «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі 2021 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Мәдениет және спорт министрлігі […]

Подробнее Шерхан Талапов «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директорының м.а. болып тағайындалды 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Алматыда «Birlik» ансамблінің гала-концерті өтті

Бүгін, 30 қаңтар күні, Almaty Theatre сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Birlik» ансамблінің концерті өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған гала-концерт Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясындағы 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болды. Концерттік бағдарламада Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Татарстанның танымал хореографтарының қойылымдары ұсынылды.Концертті Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат […]

Подробнее Алматыда «Birlik» ансамблінің гала-концерті өтті 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

ЖИ-дің әлемдік экономикаға қосқан үлесі 20 триллион долларға жетеді – Олжас Бектенов

AI-стартаптарын қолдау үшін Astana Hub базасында мақсатты көлемі 1 млрд долларды құрайтын Венчурлік инвестициялар қорықұрылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. Digital Almaty 2025 халықаралық форумында премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллектің маңызды аспектілеріне тоқталып өтті. Премьер-министр Олжас Бектенов форум барысында 2030 жылға қарай жасанды интеллекттің әлемдік экономикаға қосқан үлесі шамамен 20 триллион долларға жететінін мәлімдеді.Орайлы сәтті […]

Подробнее ЖИ-дің әлемдік экономикаға қосқан үлесі 20 триллион долларға жетеді – Олжас Бектенов 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Қадірлі баспасөз қызметкерлері! Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі. Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. […]

Подробнее Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады 1 мин к чтению
Posted in
Posted in

Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ – Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтпек. Іс-шара аясында «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыптарындағы көрмелердің тұсауы кесілді. Іс-шараға […]

Подробнее Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды 1 мин к чтению