Геральдикалық зерттеулер орталығы мен балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газеті «Туған жерім менің, Қазақстаным» атты әңгімелер байқауын ұйымдастырды. Көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына және «Ұлан» газетінің 95 жылдығына орайластырылған республикалық сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50-ден астам оқушы қатысты. Байқау жеңімпаздары 27 қараша күні сағат 15.00-де Алматы қаласында орналасқан […]
Uncategorized
Қазақстандық альпинист әлемнің 7 ең биік жанартауының шыңында Мемлекеттік Туды көтерді
Қазақстандық альпинист әрі саяхатшы Ғалымжан Құсманов планетаның барлық құрлығындағы ең биік жанартауларға шығуды көздейтін халықаралық «7 жанартау» халықаралық жобасын толық аяқтаған тұңғыш этникалық қазақ және әлемдегі 67-ші адам атанды. Соңғы шың – Мексикадағы Орисаба жанартауы (5636 м) болды. Құйындата соққан жел мен қолайсыз ауа райына қарамастан, ол сол жерде Қазақстанның Мемлекеттік Туын желбіретті. Бұл сәт […]
Танымдық семинар – «Тұран-Астана» университетінде
Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен «Тұран-Астана» университетінде «Менің Қазақстаным» акциясы аясында танымдық семинар өтті. Іс-шараның басты мақсат-міндеті – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру. Танымдық семинар барысында спикерлер мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне кеңінен тоқталып, олардың символдық мән-мағынасы және тарихы туралы сөз қозғады. Осы іс-шараға мемлекеттік құрылым, ғылыми қауымдастық өкілдері, сонымен […]
Президент Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты
«Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұраны орындалды. Бұл – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін айшықтайтын маңызды сәттердің бірі. Мемлекеттік Ту халқымыздың еркіндігі мен егемендігінің, елдік […]
Ұлттық мереке құтты болсын!
Ұлттық мереке – Республика күні құтты болсын! Бұл күн – азаттығымыздың бастауы болған аса маңызды мереке. Биыл Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Республика күні – ел бірлігі мен ынтымағының, ортақ мақсатқа деген сенім мен жігердің мерекесі. Біз еліміздің өсіп-өркендеуіне, жарқын болашағына үлес қосуға міндеттіміз. Әрбір шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс пен […]
Республика күніне орай «Егемендік – ел болашағының бастауы» атты дөңгелек үстел өтті
2025 жылғы 23 қазанда Астана қаласында ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапхана залында «Егемендік – ел болашағының бастауы» атты дөңгелек үстел өтті. Республика күні мен Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған жиынды Геральдикалық зерттеулер орталығы ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – егемендіктің тарихи мәні мен құқықтық негіздерін кеңінен насихаттау, ұлттық рәміздердің идеологиялық әрі рухани […]
«Егемендік – ел болашағының бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
Геральдикалық зерттеулер орталығы 23 қазан күні сағат 11:00-де 25 қазан – Республика күніне орай «Егемендік – ел болашағының бастауы» атты дөңгелек үстел өткізбек. Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіздіктің мән-маңызына кеңінен тоқталу, мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру. Дөңгелек үстел ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапхана залында өтеді. Аталған іс-шараға ҚР Парламенті […]
Мемлекеттік Ту ойын барысында ортаға шығарылды
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Лихтенштейн командалары арасында матч өтті. Астана қаласында өткен ойында ұзындығы – 24, ені – 12 метрді құрайтын Мемлекеттік Ту ортаға шығарылды. Матчты тамашалауға жиналғандардың Туды мақтанышпен көтеруі – спортшыларға рух бергені анық. Мемлекеттік Ту астында мәртебеміз арта бергей!
12 қазан – Мемлекеттік Ту авторы Шәкен Ниязбековтің туған күні
Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтің туған күні. Ол – халқымыздың рухын, еліміздің тәуелсіздігін айшықтаған рәміз – Көк Тудың авторы. Мемлекеттік Туымыздағы ашық көк түс – бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ал күн мен қыран бейнесі – болашаққа ұмтылған еркін елдің символы. Шәкен Ниязбековтің бұл еңбегі – […]
Мемлекеттік Әнұранның авторы Жұмекен Нәжімеденовтің торқалы тойы тойланды
Атырау облысында 8-11 қазан аралығында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар өтті. Ең әуелі «Ұрпағым, саған айтам…» республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы оздырылып, қорытындыланды. Торқалы той меймандары Қошалақтың құмындағы Ашақ төбесіне барып, ақын рухына тағзым етті. Құрманғазы ауданының орталығында Жұмекен, Қадыр, Тұманбай […]
