«Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісімен Қазақстан Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметкерлері жоғары кәсіби қабілеті мен гидрометеорологиялық қызметті, Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының ластануын мониторингтеуді дамытуға қосқан жеке үлесі, еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбек өнімділігін арттырғаны, жаңашылдығы мен бастамашылығы үшін марапатталады.


«Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісі сары түсті металмен көмкерілген, көк түсті металдан жасалған тағанға ілінген шеңбер түріндегі медальонды білдіреді.
Төсбелгінің беткі жағында ортада сары түсті металдан жасалған «Қазгидромет белгісінің көк түсті макеті орналасқан.
Медальон шеңберінің жиегін бойлай сары түсті металда көк түспен орындалған «Гидрометеорология саласының үздігі» деген жазу орналасқан.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 26 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанып, киімге бекітіледі.