І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі
«Шахтер даңқы» төсбелгісімен:
1) жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан көмір, дренаж шахталары мен разрездерінде жерасты және ашық жұмыстарда тұрақты істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар мінсіз жұмысы үшін;
2) көмір өнеркәсібі және шахта құрылыс кәсіпорындарының, ұйымдарының қызметін қамтамасыз ететін көмір өнеркәсібі саласының басқа қызметкерлері;
3) белсенді ынтымақтастығы мен көмір өнеркәсібін дамытуға жәрдемдескені үшін басқа салалардың қызметкерлері, шетелдік мамандар марапатталады.
«Шахтер даңқы» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) көмір өнеркәсібі саласында 12 жыл сіңірген еңбегі үшін – І дәрежелi «Шахтер даңқы»;
2) көмір өнеркәсібі саласында 8 жыл сіңірген еңбегі үшін – ІІ дәрежелi «Шахтер даңқы»;
3) көмір өнеркәсібі саласында 5 жыл сіңірген еңбегі үшін – ІІІ дәрежелi «Шахтер даңқы».
«Шахтер даңқы» төсбелгісімен жаңа техника мен технологияны жасаудағы, енгізу мен игерудегі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі айрықша жетістіктері үшін, аварияларды жою және адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі, бастамашылдығы үшін жұмыс өтілі есепке алынбай марапатталады.
I дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі диаметрі 52 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында және периметрі бойынша кертпесі бар алтын түстес металдан дайындалады.
Бес бұрышты жұлдыздың бедеріне қызыл мөлдір эмаль жағылған. Төсбелгінің орталық бөлігінде кен балғалары айқаса орналасып, олардың төменгі жағынан “ШАХТЕР ДАҢҚЫ” деген жазуы бар ақ лента өткен. Төменгі бөлігінде “І” рим цифры бар сопақша орналасқан.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы қызыл және ақ жолақтары V тәріздес нысанда кезектесе орналасқан, ені 37 мм және биіктігі 11,5 мм көк реңді тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

IІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі диаметрі 52 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында және периметрі бойынша кертпесі бар күміс түстес металдан дайындалады.
Бес бұрышты жұлдыздың бедеріне қызыл мөлдір эмаль жағылған. Төсбелгінің орталық бөлігінде кен балғалары айқаса орналасып, олардың төменгі жағынан «ШАХТЕР ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақ лента өткен. Төменгі бөлігінде «II» рим цифры бар сопақша орналасқан.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы қызыл және ақ жолақтары V тәріздес нысанда кезектесе орналасқан, ені 37 мм және биіктігі 11,5 мм көк реңді тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

IІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі диаметрі 52 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында және периметр бойынша кертпесі бар қола түстес металдан дайындалады.
Бес бұрышты жұлдыздың бедеріне қызыл мөлдір эмаль жағылған. Төсбелгінің орталық бөлігінде кен балғалары айқаса орналасып, олардың төменгі жағынан «ШАХТЕР ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақ лента өткен. Төменгі бөлігінде «IІІ» рим цифры бар сопақша орналасқан.