«Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен қызметін мінсіз жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқан, экономика саласындағы жаңа бағдарламалар мен жобаларды әзірлеп, іске асырғаны үшін экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру әдістерін жетілдіргені үшін, аса маңызды және күрделі міндеттерді орындағаны үшін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін жоғары кәсіби жұмыскерлер, шетел азаматтары және өзге де адамдар марапатталады.

«Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медаль сары түсті металдан (жез) диаметрі 34 мм шеңбер пішінінде дайындалады.
Медальдің беткі жағында шеңбердің ішінде «ЭКОНОМИКА САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген алтын түсті жазу орналасқан және ішкі жиегінде ұлттық ою бейнеленген.
Медальдің беткі жағында мәтіні мен бейнелерінің бедері шығыңқы күңгірт.
Медальдің шеттері ернеумен жиектелген. Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көк түсті қатқыл жібек лентамен қапталған ені 32 мм және биіктігі 30 мм тікбұрышты тағанға жалғанады.
Медальдің сыртқы жағында оның реттік нөмірі орналасады. Медальдің сыртқы жағы күңгірт.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар арқылы бекітіледі.