Новости
Posted in

Мемлекет басшысы мәдениет пен өнер саласының қызметкерлерін марапаттады

Posted in


Бүгін Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел руханиятына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы қазақ өнерінің әлемдік деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, отандық музыканттар мен киногерлер халықаралық сахналарда танылып, жоғары бағаланып жүр. Ұлттық мұралар цифрлық форматқа көшіріліп, әлемдік платформалар арқылы кеңінен насихатталуда.

Жиын барысында бірқатар сала үздіктері марапатталып, олардың еңбегі ел алдында ерекше аталып өтті.

Оставить отзыв