Новости
Posted in

Президент мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдаланудың маңызын атап өтті

Posted in

Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік Тудың дұрыс қолданылуына қатысты мәселелердің арнайы нормалар және ережелер арқылы реттелетінін жеткізді. Оған қоса Заңның мән-мағынасын терең түсіну қажет екенін алға тартты.

«Отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік деген сөз. Алайда, Отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, «отаншылмын, патриотпын» деген сөзіңнің құны көк тиын болмақ.

Қазір қоғамда «Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?» деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс. Дегенмен, ең алдымен, заңның түпкі мәнін терең түсіну керек. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларды жөнімен пайдаланатын отаншыл азаматтарды барынша қолдау қажет» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сондай-ақ Президент Мемлекеттік Тудың үйлерде, автокөліктерде, көшелерде және спорттық іс-шараларда желбіреп тұрғанын көру өзіне қуаныш сыйлайтынын атап өтті, өйткені бұл ұлттың бірлігі мен қуатын білдіреді.

Оставить отзыв