«Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесін дамытудағы елеулі үлесі, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбегі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін салық органдарының, не кеден органдарының, не қаржы полициясы органдарының, не дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу органдарының жүйесінде кемінде 10 жыл жұмыс істеген мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері марапатталады.

«Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісі диаметрі 35 мм сегіз бұрышты нысанда болады және сары түсті метал (жез) мен қатқыл лентадан жасалады.
Төсбелгінің беткі жағында эмблема бейнеленген және «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» деген жазу орналасқан. Эмблема және жазу шығыңқы жылтыр.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.