Іс - шаралар

Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрініңжанындағы мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
​«Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің директоры, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің (әрі қарай-Кеңес) мүшесі Сарин Қалқаман Айымғазыұлы және Орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төраға орынбасары Әлиқұлов Ербол Шымкентбайұлының төрағалығымен өткен Кеңестің кезекті отырысына қатысты.
Жиында кейбір мемлекеттік органдардың тарапынан ұсынылған ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалары мен нышандары талқыланды.

Оставить отзыв