Новости
Posted in

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтілмек

Posted in

Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне байланысты талаптар күшейтілмек. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді,

Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 458-бабына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Бұл қадам рәміздерді қорлау фактілерінің алдын алуға және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Бүгінде министрлік 2025 жылғы 27 наурыз күні Атырау облысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның ішінде мемлекеттік туды қорлау фактісі бойынша Атырау облысының ішкі істер департаментімен, Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Атап айтқанда, сауда үйлерінде, кинотеатрларда, халық көп шоғырланатын жерлерде арнайы бейнероликтер арқылы ақпараттық насихатталып жатыр, — деді Қанат Ысқақов өз сөзінде.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың міндеті екенін ескерсек, заңнамалық өзгерістер бұл саладағы тәртіпті күшейтуге сеп болмақ.

Оставить отзыв