Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ербол Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.
Жарыста қара үзген жеңімпаз украиналық Тарас Радты, қытайлық Цзысюй Люді шаң қаптырды.
Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов осы Паралимпиада ойындарында пара шаңғы жарысынан қола медалді жеңіп алған еді. Осылайша қазақстандық спортшы бір жарыстың өзінде екі жүлде қоржынға салды.
