Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей бәсеке өз мәресіне жетті.
Еркін бағдарламада қазақстандық Михаил Шайдоров жарыс жолына шығып, сәтті өнер көрсетті.
Қорытындысында жоғары ұпаймен бірінші орыннан көрініп, қысқы Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды.
Осылайша Михаил Шайдоров күрделі спорт түрінен еліміздің абыройын асқақтатып, тарихи жеңіске жетті.
Айта кетейік, мәнерлеп сырғанау спортынан соңғы рет қазақстандық Денис Тен 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған болатын.

