Новости
Posted in

Патриот кәсіпкер 

Posted in

Кәсіпкер Темірхан Әшімұлы Астана қаласындағы «Әзірет» атты дүкенін Мемлекеттік Ту бейнеленген 4 000 дана шар және 1 000 дана кішкентай Тумен безендірді. Бұл ерекше көрініс көпшілікті таңғалдырды. 

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары аталған дүкенге арнайы барып, кәсіпкермен тілдесті. Мамандар рәміздердің дұрыс қолданылуын тексеріп, композицияның патриоттық мәнін жоғары бағалады.

Тәуелсіздік күні қарсаңында патриот кәсіпкер Темірхан Әшімұлы осылайша дүкенін безендіріп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетті. Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары елжанды азаматтың өңіріне төсбелгі қадап, алғыс білдірді.

Оставить отзыв